17 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №140

222 рет
көрсетілді
36 мин
оқу үшін
2015 жылғы 17 сәуір,  Астана қаласы Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі ___________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 5 мамыр «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е. Досаев 2015 жылғы 12 мамыр Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №140 бұйрығына 1-қосымша «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын ХҚО тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: лицензия беру – 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні; лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні. ХҚО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚО жолдайды; Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Егер құжаттардың топтамасын толық ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді; 2) ХҚО құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) ХҚО жүгінген кезде қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде. Қағаз тасығыштағы лицензияны, қайта ресімделген лицензияны, лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 471-бабына (Салық кодексі) сәйкес лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыру құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері: 1) лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды; 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК аспауы тиіс; 3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды. Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) беретін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда лицензиялық алым төлеуді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады. 8. Жұмыс кестесі: 1) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығын қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» күту тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерінде, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі: 1) ХҚО: лицензия алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенім хаты (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыру құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат; бір сәттік лотереялар үшін қосымша беріледі: өтініш беруші бекіткен лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал; өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидалары; лотерея билетінің үлгісі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны; тираждық лотереялар үшін қосымша беріледі: өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал; өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидалары; лотерея билетінің үлгісі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны; SМS-лотереялар үшін қосымша беріледі: өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал; өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидалары; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны; лицензияны қайта ресімдеу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат; лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда рәсімделген болса): осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат; 2) порталға: лицензия алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы; құжаттың электрондық көшірмесі нысанында лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда); бір сәттік лотереялар үшін қосымша беріледі: құжаттың электрондық көшірмесі нысанында өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал; құжаттың электрондық көшірмесі нысанында өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидалары; құжаттың электрондық көшірмесі нысанында лотерея билетінің үлгісі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны; тираждық лотереялар үшін қосымша беріледі: құжаттың электрондық көшірмесі нысанында өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал; құжаттың электрондық көшірмесі нысанында өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидалары; құжаттың электрондық көшірмесі нысанында лотерея билетінің үлгісі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны; SМS-лотереялар үшін қосымша беріледі: құжаттың электрондық көшірмесі нысанында өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал; құжаттың электрондық көшірмесі нысанында өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидалары; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны; лицензияны қайта ресімдеу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы; құжаттың электрондық көшірмесі нысанында лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда); лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда рәсімделген болса): көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы; құжаттың электрондық көшірмесі нысанында лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін рас­тайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызмет­ті беруші және ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады. Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді. ХҚО дайын құжаттарды жеке басын куәлікті көрсеткен кезде қолхат негізінде (не нотариалдық куәландырылған сенім хат бойынша оның өкілі) береді. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгіну тарихындағы «жеке кабинетінде» мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, хабарлама көрінеді. 10. Мыналар: 1) субъектілердің осы санатына Қазақстан Республикасының заңдарымен қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы; 2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі; 3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі; 4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметтің жекелеген түрімен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы; 5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша: www.sport.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөліміне не мына Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 15-кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454 Министрліктің басшылығының атына беріледі. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні). ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО филиалының, бөлімінің басшысына www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі. ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады). Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО кеңсесінде қолма-қол беріледі. Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны не портал арқылы алуға болады. Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Заңды тұлғаның шағымда оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттың нөмірі мен күні көрсетіледі. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және ХҚО арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 13. Заңнамамен белгіленген тәртіппен толық және ішінара қабілетінен немесе өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүруді жүзеге асыру, бағдарлау мүмкіндігінен айырылған қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау Бірыңғай байланыс-орталығы 1414 арқылы жүгініп, тұрғылықты жеріне шығумен ХҚО қызметкерлері жүргізеді. 14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар. 16. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 740600, 740865, 740852 телефондары арқылы не Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны бойынша анықтамалық қызметтен алуға болады. «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан Лицензияны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші ____________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ________________________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________________________________________________________________ (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн) ________________________________________________________________________________________________ ______________________________ жүзеге асыруға лицензияны қағаз тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________ пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Электрондық пошта ____________________________________________________________________________ Телефондары ________________________________________________________________________________ Факс ________________________________________________________________________________________ Банк шоты ___________________________________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ________________________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріледі. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда). Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін. Басшы ______________ __________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________ «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер 1. Лотерея билеттерін және (немесе) жабдықтарды, электрондық құжаттарды, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығындағы ғимараттың (ғимарат бөлігі, үй-жай) болуы туралы ақпарат: жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні _____________________________________ 2. Лотерея билеттерін сатуға арналған меншік құқығында тиесілі жабдық туралы ақпарат (лотерея билеттерін көрсетілген жабдық арқылы сату кезінде ғана)*: жабдықтың атауы _____________________________________________________________________________ лотерея жабдығының түрі _______________________________________________________________________ сатып алынған жабдық шартының нөмірі мен күні ___________________________________________________ жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні ________________________________________________ мақсаты (сату, ұтысты беру, ұтыс ойындарын өткізу) (қажеттінің астын сызу) саны _________________________________________________________________________________________ сериялық нөмірі ________________ бастап _________________ дейін шығарушы ел, зауыт ___________________________________________________________________________ техникалық жай-күйі _______________ (жаңа, бұрын пайдаланылған) сәйкестік сертификатының деректері _____________________________________________________________ тестілеу күні __________________________________________________________________________________ * әрбір жабдықты жеке сипаттау қажет. 3. Лотерея билеттерін есепке алуды және лотереяға қатысу үшін төлем қабылдауды, сондай-ақ ұтыстарға төлем жүргізуді жүзеге асыратын лотерея ұйымдастырушысы кассасының (аппаратты-бағдарламалық кешен) болуы туралы ақпарат: бақылау-кассалық аппаратының (фискализатор) нөмірі ______________________________________________ орналасқан жерінің мекенжайы __________________________________________________________________ сәйкестік сертификатының деректері ______________________________________________________________ 4. SMS-лотереяны және (немесе) тираждық лотереяны өткізу кезінде ұтыс ойынын өткізудің болжамды эфирлік уақытын және күнін көрсете отырып, телевизияда тікелей трансляциялау шарты туралы ақпарат (Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінде өткізілетін тираждық лотереялар үшін) (қажеттінің астын сызу): шарттың күні мен нөмірі _________________________________________________________________________ шарттың қолданылу мерзімі _______________________________________________________________________ телеарнаның атауы ______________________________________________________________________________ 5. Лотерея билеттерін сату агенттерімен жасалған шарт туралы ақпарат (SMS - лотереядан басқа): шарттың күні мен нөмірі _________________________________________________________________________ шарттың қолданылу мерзімі _______________________________________________________________________ шарттың мәні ___________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ 6. Лотереяға қатысушыларға кері SМS-хабарламаны жіберуді көздейтін SМS-лотереяларды өткізуге ұялы байланыс операторларымен жасалған шарт туралы (SМS-лотереялар үшін ғана) ақпарат: шарттың күні мен нөмірі _________________________________________________________________________ ұялы байланыс операторының атауы ________________________________________________________________ шарттың қолданылу мерзімі _______________________________________________________________________ тегін call-орталықтың нөмірі ____________________________________________________________________ 7. Лотерея билеттерін және ақшалай қаражатты күзетуді, тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған шарт туралы ақпарат: шарттың атауы __________________________________________________________________________________ шарттың күні мен нөмірі _________________________________________________________________________ күзет қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауы ______________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________________________________ күзет қызметіне арналған лицензияның күні мен нөмірі _______________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ лицензияны берген орган _________________________________________________________________________ «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Нысан Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші ____________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ______________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ______________________________________________________________________________ жүзеге асыруға (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы) 20___ жылғы « » ___________ № ____________, ______________ берілген, (лицензияны нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет): 1) заңды тұлға-лицензиатты «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет): бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліп шығару ____ бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастыру 2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____ 3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____ 4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____ 5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жері мекенжайының өзгеруі ____ 6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____ 7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____ 8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі қағаз тасығышта _____ (қағаз тасығышта лицензияны алу қажет болғанда жағдайда Х белгісін қойыңыз) қайта ресімдеуіңізді сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Электрондық пошта ____________________________________________________________________________ Телефондары _________________________________________________________________________________ Факс _________________________________________________________________________________________ Банк шоты ___________________________________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы __________________________________________________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріледі. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда). Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін. Басшы ______________ _________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _______________ «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша Нысан Лицензияның телнұсқасын беруге арналған заңды тұлғаның өтiнiші ____________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) Жоғалауы, бүлініп қалуына (зақымдалуына) байланысты лицензияның телнұсқасын беруді сұраймын (қажеттінің астын сызу). Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін. Басшы ______________ _________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _______________ «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша Нысан __________________________________ (Көрсетілетін қызметті алушының __________________________________ тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда) __________________________________ не ұйымының атауы) __________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының __________________________________ мекенжайы) Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда: Жоқ құжаттардың атауы: 1) _______________________________; 2) _______________________________; 3) .... ұсынбауыңызға байланысты бас тартады. Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды. ХҚО қызметкері:________________________________________________ ________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы) Орындаушы: __________________________________________________ _______________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы) Телефоны: ____________________ Алды: _______________________________________________________________________ ________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы) 20__ жылғы «___» _________ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №140 бұйрығына 2-қосымша «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: лицензия беру – 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні; лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні. ХҚО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚО жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Егер құжаттардың топтамасын толық ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді; 2) ХҚО құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) ХҚО жүгінген кезде қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі казино қызметімен айналысу құқығына лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде. Қағаз тасығыштағы лицензияны, қайта ресімделген лицензияны, лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 471-бабына (Салық кодексі) сәйкес казино қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері: 1) лицензия беру кезінде лицензиялық алым 3845 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды; 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК аспауы тиіс; 3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды. Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және төл